«Ақжайық» – «Елімай» футбол клубтары арасындағы UBET бірінші лига матчы басталды.
Дәл қазір Оралдағы «Ақжайық» стадионында көптен күткен футбол маусымының шымылдығы ашылды. Жергілікті «Ақжайық» ФК мен семейлік «Елім-ай» командасы арасындағы ойын басталды.
Жергілікті команда биылғы біріншілікте Бауыржан Омаров, Эльдар Абдрахманов, Мейрам Сапанов, Арман Ысмайылов секілді тәжірибелі ойыншыларға қоса, Әділет Болатов, Бекзат Иманғазеев, Ырысбек Қоңыров, Темірлан Үмбетов, Николай Жилин секілді оралдық жас таланттарға да сенім артады.
Батыс пен шығыстың «шайқасында» жерлестерімізге сәттілік тілейміз!
zhaikpress.kz