12.04.2018, 18:42
Оқылды: 50

Әлеуметтік желілерде отыратын оқушыларға мониторинг жүргізіледі

Бұл жайлы Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова алқа отырысында баяндады. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, аудан әкімдері, аудан әкімдерінің орынбасарлары және аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің басшылары жиналды.

- Өңіріміздегі 380 мектеп Bilimland білім беру порталына қосылған. Ал Күнделік электронды журналы әзірге 143 мектепте қолданыста. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін қала және аудандардағы мектептер түгел Күнделік электронды журналына қосылуы тиіс. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде отыратын оқушыларға мониторинг жүргізетін "Әлеуметтік желілерді талдау" ақпараттық жүйесі енгізіледі. Білім беру мекемелеріндегі компьютерлер әбден ескірген. Қазіргі таңда мұндай компьютерлер саны 14073 бірлікті құрайды. Олардың 7718-і жаңасымен алмастыруды қажет етеді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен биыл 567 бірлік Bilimbook компьютер-трансформерлері сатып алынбақ. 333 бірлік персоналды компьютерлер, сондай-ақ жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 445 кешенді мультимедиялық жабдықтар сатып алу жоспарланған. Бұл компьютерлерге деген сұранысты біршама азайтады, - деді облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Маратқызы.

Нұрлыбек Рахманов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале