Дәл қазір облыстық әкімдік ғимаратында өңір басшысы Ғали Есқалиевтың төрағалығымен аппарат кеңесі өтуде. Кеңестің күн тәртібінде өңіріміздегі туризм саласын дамыту және жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасын жақсарту мәселелері қарастырылмақ.
Кеңесте Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысы Жұмакелді Батырниязов өңір туризмі жағдайы туралы баяндады.
Облыс әкімі басқарма басшысы Жұмакелді Батырниязовқа және туризм ассоциациясының жетекшісі Айболат Құрымбаевқа туризмді дамыту үшін мемлекет тарапынан жасалатын қолдау бағдарламалары туралы ақпараттың лайықты деңгейде насихатталуын тапсырды.
Альфия Шамаева,
zhaikpress.kz