ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Костанай облыстық инспекциясы Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта орналасқан «Қайрақ» фитосанитарлық бақылау бекетінде 18-19 қыркүйекте 12 құқық бұзушылық анықтады. Бұл туралы АШМ хабарлады.
Сурет: pixabay.com
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлар 170,9 тонна картопты фитосанитарлық сертификатсыз әкелуді тоқтатты.
Әкімшілік хаттамалар жасалды. Картоптың барлық партиясы жіберушіге қайтарылды.