23.09.2024, 12:45
Оқылды: 32

АШМ: «Қазақстанға Ресейден сертификатсыз 170 тоннадан астам картоп әкелінбек болды»

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Костанай облыстық инспекциясы Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта орналасқан «Қайрақ» фитосанитарлық бақылау бекетінде 18-19 қыркүйекте 12 құқық бұзушылық анықтады. Бұл туралы АШМ хабарлады.

BF9B4D30-03E4-42D7-BE17-9191E1C4A2AA

Сурет: pixabay.com

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторлар 170,9 тонна картопты фитосанитарлық сертификатсыз әкелуді тоқтатты.

Әкімшілік хаттамалар жасалды. Картоптың барлық партиясы жіберушіге қайтарылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале