15.07.2022, 10:00
Оқылды: 171

Әскери бессайыстан жеңімпаз атанды

Оралда 5517 әскери бөлімінің базасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының біріншілігіне әскери бессайыс және жеңіл атлетикалық кросс бойынша сайыс өтті.

IMG-20220715-WA0010

Турнирге Орал, Ақтөбе, Атырау, Жаңаөзен, және Ақтаужан 2 әскери бөлімінің құрама командалары ат терлетіп келді. Жалпы чемпионатқа Батыс Қазақстаннан барлығы 70-ке жуық спортшы қатысты.

Сайыстың  алғашқы күні спортшылар әскери бессайыстан жарысса, екінші күні жеңіл атлетикалық кросстан сынға түсті.

PHOTO-2022-07-15-07-41-54(1)

Жабылу салтанатында «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситников жарысқа қатысушыларды турнирдің табысты аяқталуымен құттықтады.

«Жыл сайын әскерде материалдық база мен жарыстарды өткізу тәртібі жетілдірілуде. Бұл турнирде сіз республикалық әскер біріншілігінде абыроймен өнер көрсетуге  баға жетпес тәжірибе жинадыңыздар деп сенемін», - деді полковник Павел Ситников.

Әскери бессайыс нәтижесі бойынша командалық есепте Оралдағы 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жеңімпаз атанды, екінші орын Ақтаудың 3502 әскери бөлімінің командасына бұйырды, ал үшінші Ақтөбенің 6655 әскери бөлімінің спортшылары ие болды.

PHOTO-2022-07-15-07-41-59

Біріншілік бағдарламасының барлық бес түрінен  3502 әскери бөлімінің (Ақтау) ефрейторы  Асқар Омар жеке есепте жеңіске жетті.

5517 әскери бөлімінің (Орал) аға лейтенанты Заманбек Орынбасар күміс жүлдегер атанды, ал 5517 әскери бөлімінің  (Орал) аға лейтенанты Нұрсұлтан Жүсіпов қола медальға ие болды.

Жеңіл атлетикалық кросс бойынша І орын 5517 әскери бөлімі (Орал), ІІ орын 6656 әскери бөлімі (Ақтау), ІІ орын 6655 әскери бөлімі (Ақтөбе) ие болды.

Сондай-ақ 1000 және 3000 метр қашықтықта жеңіл атлетикалық кросс бойынша 6656 әскери бөлімінің (Ақтау) ефрейторы Әшім Оразалы чемпион атанды, 1500 метр қашықтықта әйелдер арасында 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Жанар Төлегенова (Орал) жеңімпаз атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар диплом, кубок және медальдармен марапатталды.

ҚР Ұлттық ұланының

 баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале