29.08.2018, 20:36
Оқылды: 71

Ата Заңға арналған велошеру Оралға жетті

IMG_3477Конституция күніне орай Ақжайық ауданынан бастау алған велошеру Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының алдына келіп тоқтады. Оларды БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева қарсы алды.


- Бұқаралық спортты дамыту, велоспортқа деген қызығушылықты ояту мақсатында бұл шара жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Тек ерекшелігі - жылда бағыты өзгереді, - дейді Әсия Аманбаева.

IMG_3502Велошеруге әртүрлі жастағы 25 адам қатысқан. Олар Ақжайық ауданынан қала орталығына дейін 200 шақырымдай жолды жүріп өтті. Қатысушыларға БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева сертификат пен медаль табыстады.

- Барлық жерде бізді өте жақсы қарсы алды. Барлығымыз ризамыз. Арамызда ең жас қатысушының жасы 12-де болса, менің жасым 56-да. Шаршамай-шалдықпай келдік, - дейді веложорыққа қатысқан Владимир Певин.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале