
Қорытынды кезеңде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша екі тур ұйымдастырылады. Биылғы сайысқа еліміздің барлық өңірінен 432 оқушы жолдама алды.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауыл оқушыларының қабілеттерін ашу, дарынды, білімді балаларды анықтау және олардың интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
Айта кетейік, ауыл оқушыларының интеллектуалды жарыстарға қызығушылығы жыл сайын артып келеді: былтыр бастапқы кезеңге 99 264 оқушы қатысса, биыл бұл көрсеткіш 125 000 оқушыға жеткен.
Олимпиада нәтижесінде қатысушылар санының 45%-ы жеңімпаз және жүлдегер атанады. Олар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Сонымен қатар, үздік оқушыларға еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарына ректорлық гранттар табысталады.