9.06.2023, 17:00
Оқылды: 170

«Ауылдағы ағайынға – аймақтық газет»

Қаламыздағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы елді мекендердің интеллектуалды өркендей беруіне атсалысу және өңір баспасөзін қолдау мақсатында «Ауылдағы ағайынға – аймақтық газет» атауымен облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетіне жазылу акциясын бастады.

1d262809-a2b2-4b71-a5a1-b9c107722447

Аталған акция аясында мектеп мұғалімдері алты ай мерзімінде газетке жазыла отырып, ауылдағы жақын адамына тарту етпек.

7433a421-bdc8-4248-ad7d-3e0ec0c5a091

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы бес жылдықта ауыл-аймақты дамытуға басымдық беру туралы Жарлыққа қол қойып, ауылдағы ағайынның өмір сапасын жоғарылатуға ден қойған болатын. «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, баспасөз беттері сапалы да терең мақалаларымен бағалы. Осы орайда төл газет төрімізден табылсын деген ниеттегі барша жұртшылықты, өзге де ұжымдарды аталған акцияны қолдап, ізгі істі жалғастыруға шақырамыз, - дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Айдарбек Айтпукешов.

8cc3d16f-f48d-40b8-96c3-f32f9ef81c4a

Назарбаев зияткерлік мектебінің «Ауылдағы ағайынға – аймақтық газет» акциясына білім ошағындағы  математика, физика, орыс тілі және әдебиеті, өнер, дене шынықтыру және АӘД пәнінің бірлестіктері мен кураторлар тобы қолдау білдіріп, жұртты «Орал өңірі» газетімен ауылдағы жақын адамдарын қуантып, игі істі насихаттауға шақырады.

23639a9b-6426-45e7-85a0-64b76e1f0e13

  «Жайық Пресс» медиахолингі және облыстық «Орал өңірі» газетінің ұжымы өз тарапынан облыстық басылымға қолдау көрсеткен Назарбек зияткерлік мектебінің ұжымына ризашылығын білдіреді. Төл газет төріңізден табылсын, ағайын!

de9b2ae9-77f5-45fd-a209-69acde4b7734

Гүлжамал Кенжеғалиева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале