Бүгін, Байқоныс ауылында «Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы орта білім беретін қазақ мектептің» жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында апатты және үш ауысымды мектептерді азайту тапсырмасымен іске асты.

Жаңа мектеп ғимараты 600 оқушыға есептелген. Нысанның жалпы құны – 4,9 млрд теңге, құрылысты мердігер ретінде «Antarium Group» ЖШС жүргізген.

Қадыр Мырза Әлі атындағы бұл жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің ескі ғимараты 2007 жылы салынған, жобалық қуаты 264 орынға арналған. Мектепте 69 педагог қызмет атқарады.

Жаңа ғимаратта 33 оқу кабинеті бар, барлығы интерактивті тақталармен жабдықталған. Сонымен қатар, түрлі оқу кабинеттері, екі спорт зал, кітапхана залы, 138 орындық акт залы,176 орындық асханасы бар.

Мектеп ауласында балалар ойыны, футбол, баскетбол алаңдары және жүгіру жолдары бар.

Ашылу салтанатында құттықтау сөзді БҚО әкімі Нариман Төреғалиұлы арнап, бұл жобаның маңыздылығын атап өтті.
Ардагер ұстаз Қуаныш Таубай сөз алып, ауыл үшін бұл оқиғаның тарихи сәт екенін жеткізді.

Мектеп кілті «Antarium Group» ЖШС бас директоры Ерлан Атажан тарапынан табысталды.
Салтанатты лента қию құрметіне облыс әкімі мен ардагер ұстаз қатысты.
zhaikpress.kz
