10.01.2023, 12:30
Оқылды: 158

Бәйтерек ауданына қарасты Горбунов ауылында 31 абонент газсыз қалды

Бүгін шамамен сағат 09:25-те Бәйтерек ауданына қарасты Горбунов ауылында газ құбырындағы апат салдарынан көгілдір отын беру тоқтатылды.

6449E72E-D31C-465D-A584-A833D50C3DBA

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауылдағы 31 абонент газсыз қалды. Апаттың себебі анықталуда.

Газ құбыры «Алия сервис» ЖШС жеке ұйымына тиесілі.

Дәл қазір газ беруді қалпына келтіру жұмыстарына «Алия сервис» ЖШС-нің 4 қызметкері және 1 бірлік техника мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-тың 4 қызметкері және 1 бірлік техника жұмылдырылды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале