2.08.2021, 11:09
Оқылды: 217

Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық ахуал

Індет басталғалы Батыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 31 260 жағдайы тіркелді, оның ішінде 23 751  науқас ауруынан жазылып шықса, 539 адам қайтыс болды.

ковид

Облысымызда 29 бен 1 тамыз аралығында коронавирустық инфекциямен барлығы 618 жағдай тіркелген, оның ішінде 486 жағдайда ауру белгілері бар болса, 132 жағдайда ауру белгілері жоқ.

Аталған жағдайлар ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 414 адамда, жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 106 адамда, профилактикалық мақсатта тексерілген 94 адамда және стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 4 адамда анықталды.

 

Аудан (қала) Індет басталғалы 29.07.2021 30.07.2021 31.07.2021 01.08.2021
1 Ақжайық 1077 7 8 12 0
2 Бөкей орда 372 3 3 3 0
3 Бөрлі 3695 30 20 32 19
4 Жаңақала 457 2 5 5 0
5 Жәнібек 544 6 4 4 0
6 Бәйтерек 4050 18 29 38 0
7 Казталов 823 8 10 6 4
8 Қаратөбе 281 0 2 0 0
9 Сырым 545 0 2 5 0
10 Тасқала 734 6 0 7 0
11 Теректі 1362 28 9 19 0
12 Шыңғырлау 803 3 4 1 0
13 Орал қ. 16517 78 63 53 62
Барлығы 31260 189 159 185 85

Суреттің дереккөзі 24 kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале