13.08.2025, 14:45
Оқылды: 285

Батыс Қазақстан облысының әкімі «Келешек мектептер» жобасы аясындағы құрылыс жұмыстарын тексерді

2025 жылғы 12 тамыз күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласы мен Байтерек ауданында білім беру саласындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысты. 
_gluster_2025_8_13_7e8f776fa187cfeb7d2e857c6b8adeac_1280x720

Жұмыс сапары барысында өңір басшысы мектеп инфрақұрылымын жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған «Келешек мектептер» жобасы аясында салынып жатқан нысандарды аралады.

Алғашқы нысан – Орал қаласындағы №8 орта мектеп. Мұнда жаңа оқу корпусының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Әкім құрылыс жұмыстарының кестеге сай және сапалы орындалуының маңыздылығын атап өтіп, жаңа мектептер заманауи стандарттарға сай болуы тиіс екенін және оқушылар мен ұстаздарға барынша жайлы жағдай жасалуы керектігін айтты.

_gluster_2025_8_13_b7f85d370dc5199561e58445a1aa2611_1280x720

Одан кейін Нариман Төреғалиев Байтерек ауданына қарасты Байқоныс және Достық ауылдарында болды. Мұнда 300 орындық заманауи мектептер бой көтеруде. Бұл нысандар оқушы санының артуын ескеріп және қолданыстағы мектептердің жүктемесін азайту мақсатында салынуда.

_gluster_2025_8_13_0a82486aae36a91d4d9a09c0e127cf3e_1280x720

Сапар қорытындысында облыс әкімі мердігер ұйымдарға құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырды және жауапты мекемелерге бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстауды жүктеді.

_gluster_2025_8_13_5ce6f1144e89df87d130057bbd79ba89_1280x720

— «Біз заманауи мектептер салу бойынша ауқымды бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз. Бұл – өңірдің болашағына, балаларымыздың сапалы білім алуына салынған инвестиция. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әрбір мектеп тек ғимарат қана емес, білімнің, шығармашылықтың және тәрбиенің орталығы болуы тиіс екенін ерекше атап өтеді. Сондықтан біз жұмыстардың сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз етіп, оқушылар мен мұғалімдер үшін барынша қолайлы жағдай жасауымыз керек», – деді өңір басшысы.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале