18.03.2022, 14:30
Оқылды: 48

Батыс Қазақстанда 70 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

Батыс Қазақстан облысында 69 602 адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220210154026698e

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, осы кезге дейін 273 616 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды. Бұл – жалпы жоспардың 66 пайызы.

Соның ішінде 262 651-і (63,3 пайызы) екінші компонентті қабылдады.

Күні бүгін өңірде 52 667 доза І, 113 480 доза ІІ компонент вакцина бар.

Pfizer компаниясының вакцинасымен 10 773 адам егілсе, соның 410-ы – жүкті, 4 773-і – бала емізетін әйелдер, 5 579-ы – жасөспірімдер, 11-і – мүгедектер.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, пандемия басталғаннан бері барлығы 49 652, соның ішінде биы 9 582 адам коронавирус жұқтырды.

Соңғы тәулікте 4 адамнан індет табылса, 167 науқас жазылып шықты.

Күні бүгін 443 төсектік 11 инфекциялық стационарда 8 адам емделуде. Соның үшеуі жансақтау бөлімшесінде. Олардың екеуі аса ауыр, біреуі ауыр халде.

Жыл басынан бері 43 адам коронавирустан өмірден озды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале