Батыс Қазақстан облысында соңғы аптада 8 адам коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өткен жылы індеттен 684 адам қайтыс болса, биыл жыл басынан бері 39 науқас өмірден озды.
Күні бүгін облыстағы 751 төсектік 14 инфекциялық стационарда 83 адам ем қабылдап жатса, соның 78-і Орал қаласындағы ауруханаларда. Солардың ішінде 17-сі ауыр халде.
Пандемия басталғаннан бері өңірде 49 531, биыл 9 461 адамнан коронавирус анықталды.
Басқарманың мәліметі бойынша барлығы 271 324 адам (егілуге жататын тұрғындардың 65,5 пайызы) вакцинаның бірінші, соның ішінде 258 037-сі (62,3 пайызы) екінші компонентін салдырды.
Сондай-ақ 59 893 адам ревакцинациядан өтті. 10 185 адам Pfizer вакцинасын қабылдаса, соның 370-і – жүкті, 4 490-ы – бала емізетін әйелдер, 5 325-і – жасөспірімдер.
Өңірде тұрғындарды вакцинациялау жұмысы жалғасуда.