31.03.2022, 16:30
Оқылды: 124

Батыс Қазақстанда тасқын су ауыл шетіндегі өткелді шайып кетті

Батыс Қазақстан облысында тасқын су ауыл шетіндегі өткелді шайып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220331152356425e

Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің мәлім еткеніндей, оқиға 30 наурыз күні Қаракөл ауылдық округі Ақтайсай ауылында болды.

Әкімнің айтуынша, ауа райы күрт жылынып, қардың еруі салдарынан Таян өзені арнасындағы су көтерілген. Таян өз арнасының бағытымен Қуағашқа, ал Қуағаш Жақсыбай өзеніне құяды.

«Тасыған су екпіні сағат 17.20-да Ақтайсай ауылының кіреберісіндегі Жақсыбай өзенінен өтетін өткелді (60 метр) толығымен бұзып, шайып өтті. Тасқыннан елді мекенге қауіп жоқ», деді ҚазАқпарат тілшісіне Қ.Сүйеуғалиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ауыл мектебіне су кіргенін жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале