15.02.2022, 9:00
Оқылды: 53

Бейжің-2022: Қазақстандықтардың 15 ақпандағы жарыс кестесі

Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында ертең, яғни 15 ақпанда қазақстандық атлеттер екі спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220214184249798e

15 ақпандағы жарыс кестесі

Шаңғы қоссайысы

14:00 Үлкен трамплин. К-125. Ерлер

17:00 Гундерсен жүйесі бойынша 10 шақырымға із кесу. Ерлер

Фристайл

17:00 Шаңғы акробатикасы. Бірінші іріктеу. Ерлер

17:45 Шаңғы акробатикасы. Екінші іріктеу. Ерлер

Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр. Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.

Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда мәресіне жетеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале