Ауылдық квота бойынша білім алған жастардың грантты еңбекпен өтеу мерзімі 2 жыл болып қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сурет: www.xronos.gr
Қазіргі қолданыстағы заңнама бойынша жас мамандар грантты 3 жыл жұмыспен өтеуі тиіс.
«Ауылдық квотамен педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқыған азаматтар грантты кемінде екі жыл жұмыспен өтейді», - делінген өзгеріс енгізіліп отырған құжатта .
Сондай-ақ, бұрын квота иелері грантты білім алған жерлерінде жұмыс істеу арқылы өтейтін болса, енді бұл өңірлер тізімін министрлік ұсынады.
«Азаматтардың жұмысы өтелетін өңірлер: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстары», - деп айқындалған қаулыда.
Еске сала кетсек, осыған дейін 80 мыңға жуық талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш бергенін жазып едік.