29.07.2022, 9:30
Оқылды: 103

Білім грантын жұмыспен өтеу мерзімі қысқаруы мүмкін

Ауылдық квота бойынша білім алған жастардың грантты еңбекпен өтеу мерзімі 2 жыл болып қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220720191739583e

Сурет: www.xronos.gr

Қазіргі қолданыстағы заңнама бойынша жас мамандар грантты 3 жыл жұмыспен өтеуі тиіс.

«Ауылдық квотамен педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқыған азаматтар грантты кемінде екі жыл жұмыспен өтейді», - делінген өзгеріс енгізіліп отырған құжатта .

Сондай-ақ, бұрын квота иелері грантты білім алған жерлерінде жұмыс істеу арқылы өтейтін болса, енді бұл өңірлер тізімін министрлік ұсынады.

«Азаматтардың жұмысы өтелетін өңірлер: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстары», - деп айқындалған қаулыда.

Еске сала кетсек, осыған дейін 80 мыңға жуық талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш бергенін жазып едік.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале