1.04.2021, 16:13
Оқылды: 81

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталды

Бүгін, 1 сәуірден бастап білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау басталды. Құжат қабылдау мерзімі 1 тамызға дейін жүзеге асырылады.

C9DEC820-16FE-491A-BB4C-6F84A0258ABC

Бірінші сыныпқа алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балалар қабылданады және төмендегідей құжаттар тапсырылады:

- өтініш;

- жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы;

- денсаулық жағдайы туралы №063/у нысан анықтама және 026/у-3 нысан "Бала денсаулығы паспорты";

- баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi.

Туындайтын сұрақтарға жедел жауап беру үшін облыстық білім басқармасының call-орталығы 1301, 87471127407 телефондары тұрақты жұмыс істейді. Сонымен қатар барлық аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің call-орталықтары да жұмыс жасауда.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале