14.07.2022, 20:35
Оқылды: 69

Бішкек көргендер

Облыстық «Дала дидары» көшпелі өнер ұжымы Қырғызстан еліне барып, қазақ  ән- күй өнерін паш етіп келді. «Дала дидары» көшпелі өнер ұжымының құрылғанына бес жыл болған. Жоба Қадыр жолымен жобасы аясында құрылған. Жоба жетекшісі Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры, ақын Бауыржан Халиолла .

баха 1

Бүгін осы өнер ұжымын облыс әкімінің орынбасары Бақытжан  Нарымбетов қабылдады. Сонау Бішкекке дейін барып, Қадыр шығармашылығын насихаттап келген ұжымға Бақытжан Хаберұлы алғыс білдірді. Жайма -шуақ кездесу барысында игі тілектер айтылып, өнер ұжымына құрмет көрсетілді.

«Сіздер Қадыр ақынның шығармашылығын ұлықтап, мәртебесін тағы бір биіктеттіңіздер. Бұл Сіздердің қасиетті өнерге деген үлкен, зор құрметтеріңіз деп білеміз. Ақжайықтың мақтанышы өздеріңіз мына Қадыр орталығы бастап, өнер жұлдыздары қостап , Бауыржан Ергенұлы бастаған «Дала дидары» көшпелі ұжымына алғысымды білдіремін», деді Бақытжан Нарымбетов.

Дала дидары көшпелі өнер ұжымы 12 күндей жол жүріп, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Бішкек, Ыстықкөл маңайында өнер көрсетіп келіп отыр. Бұл топта Жайықтың мақтанышы Жансая Мусина, Талғат Мықи, әнші Жаңылсын Хасанова, Дастан Есентеміровтер бар.

баха2

«Дала дидары» көшпелі өнер ұжымының мақсаты Қадыр шығармаларын насихаттау, жастарға тәрбиелік мәні бар нақыл сөздері мен «Деген екен...» тобындағы сөздерін жеткізу. Екіншіден бұл топта барлық әнші табиғи дауыста өнер көрсетеді. Сапарымыз Қызылордадан басталып Қырғызстан елімен аяқталды. Көршілес Қырғыз ағайынның қонақжайлылығында сөз жоқ. Қолдау білдірген Сіздерге 12 күн жолға шыдаған ұжымға тағы мәрте алғысымды айтамын»  деді жобаны бастап барған Бауыржан  Халиолла .

бауке

Жобаның мақсаты Қадыр шығармаларын насихаттау, қазақ өнерін ұлықтау. Бүгінде бұл топ сол мақсат жолында тер төгіп келеді.

қалпақ

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов өнер ұжымына алғыс білдіріп, құрмет ретінде алғыс хаттар табыстады Ал, Бішкек көрген  ұжым Қырғыздың айырқалпағын сыйға тартты.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Фото авторы: Гүлмира Сәрсенғалиева 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале