11.04.2017, 11:36
Оқылды: 46

БҚО әкімдігі жариялылық үшін тағы бір қадам жасайды

Өңір басшысы Алтай Көлгінов ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында БҚО бойынша өңірлік үйлестіру кеңесі (кәсіпкерлер үшін субсидиялар мен гранттар) мен агроөнеркәсіп кешені бойынша субсидиялау комиссияларының отырыстарын облыс әкімдігінің ресми сайтында онлайн көрсету туралы тапсырма берді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл бастама облыс әкімінің биылғы тұрғындар алдындағы есебі кезінде көтерілген болатын. «Кәсіпкерлер мен тұрғындар жобаларды қаржыландыру мен субсидиялар бөлінісінен хабардар болу қажет. Халық арасында күдік тудыратын, адами қарым-қатынастар бар отырыстардың барлығы да онлайн режим арқылы таратылуы керек. Мемлекеттен бөлініп отырған қаржының жұмсалуын халық біліп отыруы тиіс» деген еді Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, бұл Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы арасында жемқорлықтың алдын алу бойынша әзірленген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале