2017 жылдың 12-ші желтоқсаны күні сағат 10: 00-ден 17:00 аралығында «Мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен мінез-құлық нормалары» тақырыбында интернет-конференция өтеді деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сіздердің сұрақтарыңызға облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айгүл Есекенова жауап береді. Интернет-конференция жергілікті уақыт бойынша «dialog.egov.kz/conference/all» сілтемесі бойынша өтеді. Сұрақ қою үшін парақшаға кіріп, мемлекеттік қызметшілердің этикасына қатысты сұрағыңызды қалдыруыңыз керек.
zhaikpress.kz