Бүгін 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аймақ басшысы облыстық балалар ауылына барды.
Балалар ауылының әдеттегідей тірлігі қайнап жатыр. Аулада сурет көрмесі, спорттық ойындар ұйымдастырылған. Облыс әкімі балалардың өз қолымен салған суреттерін, қолөнер туындыларын тамашалады. Балалар ауылында қазіргі уақытта 35 бала тұрады.
- Мен бүгінгі мерекемен баршаңызды құттықтаймын. Біздің ұстаздардың жалғыз мақсаты - осында тәрбиеленіп жатқан балаларға жағдай жасау. Биыл осы Балалар ауылының ашылғанына 20 жыл толады. Осы уақыт аралығында қанша баланы тәрбиелеп шығарды. Қазір біздің балаларымыз жақсы білім алып, үйлі болып, өз балаларын тәрбиелеп жүр. Біз балаларымызға бастысы денсаулық тілейміз. Сіздің мақсат тек білім алу, ал сіздерді қамқорлау біздің мақсат, - деді аймақ басшысы Нариман Төреғалиев.
Кейін аймақ басшысының атынан балаларға сыйлықтар табыс етілді.
zhaikpress.kz
Фотоға түсірген: Жанат Көшкінбай