Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Нәжімеден Есқалиев 82 жасында дүниеден өткенін хабарлаған болатынбыз. Болған жағдайға байланысты облыс әкімі Нариман Төреғалиев көңіл айтты.
Бүгін киелі өлкеміз Ақ Жайық пен кең байтақ Қазақ елінің өркендеп дамуына айрықша үлес қосқан азамат, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Есқалиев Нәжімеден Ықсанұлы өмірден озды.
Біз, барша Ақ Жайық жұрты атынан қайраткер азамат, танымал тұлға Нәжімеден Ықсанұлының қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадық.
Нәжімеден Ықсанұлының өмірі мен еңбек жолы ел мүддесіне деген адалдықтың, Отанға қалтқысыз қызмет етудің үлгі-өнегесі. Нәжімеден Ықсанұлы білім-білігі жоғары мамандар толқынын қалыптастырған мемлекетшіл тұлға, сонымен қатар жұбайы Ырысты апай екеуі өнегелі, елжанды перзенттер тәрбиелеген отбасының отағасы. Біздің бұл уәжімізге Ғали Нәжімеденұлы, сіздің еңбек жолыңыз айқын дәлел, айшықты мысал.
Бүгінгі күні орны толмас қайғыларыңызға ортақтаса отырып, Батыс Қазақстан облысы халқының және өзімнің атымнан Сізге және ағайын-туыстарыңызға көңіл айтамын, - делінген әкімнің facebook парақшасында.