16.02.2017, 14:21
Оқылды: 22

БҚО әкімі Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

kogamdyk kenesБүгін облыс әкімдігінде өңір басшысының Қоғамдық кеңес алдындағы есебі тыңдалды.

Күн тәртібінде  Алтай Көлгіновтің  қоғамдық кеңес алдындағы есебі, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар мен облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықовтың жыл бойы атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.


 

Жиынға қоғамдық ұйымдар мен  саяси партияның өкілдері, қоғамдық кеңестің мүшелері, басқарма басшылары  мен БАҚ өкілдері қатысты.

Алдымен өңір басшысы Алтай Сейдірұлы Елбасының 5 институционалдық реформасы 2016 жылдан бастап «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарына сәйкес жүзеге асырыла бастағанына тоқталды. Қоғамдық-саяси реформаға сәйкес, Қоғамдық кеңестер құрылып, кез келген бастаманы Қоғамдық кеңесте талқылаудан өткізіп, қоғамдық мәселерге қатысты жиі ақылдасып тұратынын жеткізді. Бұл да Президентіміздің ашықтықты қамтуға байланысты берілген тапсырмасы екенін атап өтті.

- Мемлекет басшысы қабылдаған бағдарламалардың өңіріміздің әрбір елді мекенінде жүзеге асқанына куә болып келесіздер. Ширек ғасырда өңірлік өнім 2 мың есе, өндіріс өнімдері 3 мың есе өскен. Осы жылдар ішінде тек біздің облысымызда ғана 103 денсаулық сақтау нысаны, 60 мектеп, 17 балабақша және 9 мәдениет нысаны бой көтерді. Өңіріміз «100 нақты қадам», «Нұрлы жол», «Бизнестің жол картасы - 2020» және басқа да бағдарламалар арқылы 15 көп қабатты үй тұрғызылып,  1500 отбасы пәтермен қамтамасыз етілді. 290 шақырымнан аса жолдар жөнделсе, оның 15-і облыс орталығына, 16-сы аудан орталығына тиесілі жолдар. 350 шақырым инженерлік жүйелер жасақталды.

Бүгінгі таңда облысымыздың 164 елді мекеніне орталықтандырылған таза су жеткізілген. Яғни таза су бар елді мекендердің саны 40 пайызға да жетпейді. Соңғы 5 жылда «Ақ бұлақ» бағдарламасы арқылы 66 жоба жүзеге асты. 2016 жылы Казталов ауданының Нұрсай аулына таза ауыз су жеткізілді. 36 шақырым су құбыры тартылып, 800-ге жуық тұрғын ауыз сумен қамтылды. Биыл және келесі жылы барлық 12 аудандағы 62 мың тұрғынды қамтитын 54 елді мекенге ауыз су тартылады. Осы жұмыстарға 11 млрд. теңге қаржы қажет. Биыл 5,3 млрд. теңгеге 8 ауданның 19 ауылы таза сумен қамтылады. Яғни осы жылы 19 мыңнан астам тұрғынға орталықтандырылған ауыз су жеткізіледі, - деп атап өтті өңір басшысы өз есебінде.

Бұдан кейін күн тәртібіндегі өзге де мәселелер талқыланып, кеңес мүшелерінің сұрақтары мен ұсыныстарына жауап берілді.

Ләззат ШАҒАТАЙ

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале