30.03.2021, 14:09
Оқылды: 17

БҚО әкімі мамыр мерекелерінде ардагерлердің үйіне бармауға шақырды

Облыс әкімі мұндай өтінішті егде жастағы адамдардың COVID-19 ауруына бейім екендігіне байланысты білдірді. Коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі жедел штаб отырысы кезінде облыс әкімі Ғали Есқалиев тұрғындарға осындай өтініш жасады.

 IMG-20210329-WA0012

- Сіздің денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы өзіңіздің жауапкершілігіңізге байланысты. Соғыс және еңбек ардагерлері егде жаста болғасын ауруға бейім. Олар барлық қауіпсіздік шараларын сақтайды, үйде отырады және ешқайда кетпейді. Бүгін мен ауырған бір ардагермен сөйлестім. Ол үйде отырғанын айтты, бірақ көбісі оған Көрісу мен Наурыз мейрамына барған. Олар қонақтарды қабылдауға мәжбүр болды. Сондықтан мен азаматтарымыздан Еңбек және соғыс ардагерлерін үйлеріне барып құттықтауды тоқтатуды тағы да сұрағым келеді. Құттықтағыңыз келсе, телефон арқылы қоңырау шалыңыз. Егер қандай да бір сыйлықтар бергіңіз келсе, оны еріктілер арқылы жасаңыз. Бірақ өзіңіз жүрмеңіз. Біз олардың өміріне үлкен қауіп төндіреміз. Кейбіреулер, әрине, шын жүректен құттықтайды, кейбіреулері пиар үшін. Бірақ кез-келген жағдайда мен ересектердің үйлеріне баруды тоқтатуды тапсырамын. Сонымен қатар, мамыр мерекелері алда, құттықтаулар басқа форматқа ауыстырылуы керек. Қарт адамдарға қауіп төндірмеңіз, - деп қорытындылады сөзін Ғали Есқалиев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале