10.01.2023, 16:56
Оқылды: 21

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесті

Бүгін өңір басшысы Нариман Төреғалиев мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесті. Аймақ басшысы алдымен «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының жұмысымен танысып, қызмет алушылармен жүздесті.

521EBFC2-7DFF-4DD7-ABF3-921F538E2485

Облыс бойынша 24 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олар «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығына келіп құқықтық, психологиялық көмек алады. Орталық жылына 2 мыңға жуық адамға қолдау білдірген.

Орталық жұмысымен танысқаннан кейін облыс әкімі өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өткізді.

Кездесуге аймақтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар, олармен жұмыс істеп жүрген қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысып жатыр.

Күн тәртібінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша 2022 жылы атқарылған шаралар талқылануда.

6F5E30C3-E8BE-44DF-B5F9-93E30B0FE63B

Алғаш болып сөз алған БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алпамыс Көшкінбаев осы салада атқарылған жұмыстар туралы баяндауда.

Облыс әкімі мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтуды күшейтуді тапсырды.

«Мүгедектігі бар адамдарды кәдімгі тұрақты жұмысқа орналастырыңдар. Қағаз жүзінде ғана емес», деп ескертті аймақ басшысы Нариман Төреғалиев.

Жиында қаралған басқа мәселелер туралы кейін толығырақ баяндайтын боламыз.

Жанат Көшкінбай

Суреттерді түсірген автор

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале