Бүгін БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Олимпиада чемпионы өңірдегі спорт саласындағы жетістіктермен таныс болды. Облыс әкімі өз кезегінде Елдос Сметовке сәттілік тіледі. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Олимпиада ойындарында өзіңе барша қазақ елі жанкүйер болды. Әсіресе, жастарамыздың үлгі тұтар спортшысына айналдың. Әрдайым сәттілік серік болсын!»- деп атап өтті Нариман Төреғалиев.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жүзу спортынан әлемге танылған жерлесіміз Анель Сытдыкованы қабылдады.
Ол ТМД елдері арасында Антарктиданы алғаш жүзіп өткен қазақ қызы. Анель 750 метр қашықтықты 18 минутта бағындырған.
Облыс әкімі жерлесіміз Анель Сытдыковаға спорттық мансабында әлі де биік белестерді бағындыруды тіледі.