Құрметті Батыс-Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары Сіздерге жақсы жаңалық!

2022 жылдың шілде айында ұялы байланыс операторы «Кар-Тел» ЖШС (Билайн) облысымыздың 10 АЕМ-де LTE (4G) стандарты бойынша ұялы байланыс сапасын жақсарту мақсатында жұмыс жүргізді (Казталов ауданының Қарасу, Көктерек, Болашақ, Нұрсай, Қошанкөл, Қараоба ауылдары, Жаңақала ауданы Қызылоба ауылы, Бәйтерек ауданы Янайкино ауылы, Бөкей ордасы ауданы Мұратсай және Жәнібек ауданы Борсы ауылы).
Осы бағытта жоспар-кестеге сәйкес жұмыстар жалғасуда.
БҚО цифрлық технологиялар басқармасы