21.07.2024, 16:06
Оқылды: 205

БҚО білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы болып Елдос Сафуллин тағайындалды.

IMG-20240721-WA0144

Елдос Сафуллин М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың математика және информатика факультетін тәмамдаған.

Елдос Набиоллаұлы еңбек жолын 2002 жылы БҚМУ және БҚАТУ математика кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған. 2012 жылдан 2022 жылға дейін «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет еткен, ал 2022 жылдан бері Орал ақпараттық технологиялар колледжінің директоры.

IMG-20240721-WA0145

Естеріңізге сала кетейік, басқарманың бұрынғы басшысы Айгүл Мыңбаева зейнет демалысына шыққан болатын.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале