Бүгін Подстепный ауылы маңы Подстепный-Әуежай тас жолының бойына шырша ағаштары отырғызылды.
Суреттерді түсірген: Мади Ғұбайдуллин
Оған өңір басшысы Нариман Төреғалиев пен БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және Экология департаментінің ардагерлері қатысты.
Тас жол бойына биылғы алғашқы 150 түп шырша ағашы егілді.
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі еліміз бойынша 2 миллиард ағаш егу тапсырмасына сәйкес, облыста 2025 жылға дейін мемлекеттік орман қорына 57 млн. ағаш, сонымен қатар елді-мекендерде 1 млн. ағаш егу жоспарланған.
2022 жылы өңірде орман қорында 7,1 млн ағаш, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есеге (2021 ж. - 3,5 млн. түп), елді-мекендерде 206 мың дана ағаш 2021 жылмен салыстырғанда 5 есе көп (2021 ж. - 42 мың) ағаш егілді.
Орман қорын молайту материалдары тынымбақтар арқылы толық қамтылған. 2022 жылы 10 млн. түп көшет өсірілді.
Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жергілікті бюджеттен 800 млн. теңге қаражат бөлінген.
Бөлінген қаражатқа жаңа техникалар алынып, ағымдағы жылы жасалатын жұмыс қарқыны күшеймек.
zhaikpress.kz