Батыс Қазақстан облысындағы 4 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.Иночкин мәлім етті.
«Сайлау нәтижесінде Жәнібек аудандық мәслихатына (№10 Борсы сайлау округі) Қуаналиев Біржан Қайырғалиұлы, Зеленов аудандық мәслихатына (№11 Макаров сайлау округі) Төлепқалиев Тілекбай Қажымұратұлы, Казталов аудандық мәслихатына (№13 Қарасу сайлау округі) Бекмолдин Ерболат Мұратқалиұлы, Шыңғырлау аудандық мәслихатына (№6 Қызылкөл сайлау округі) Қамзаева Ақмарал Сиражқызы тағайындалды. Сайлау науқаны барысында 12 кандидат ұсынылды, олардың 4-уі саяси партиялар, 8-і өзін-өзі ұсынғандар. Барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының жұмысы бекітілген күнтізбелік жоспарға сай жүргізілді», - деп атап өтті В.Иночкин.
Сайлаушылардың 90,30%-ы қатысты. Дауыс беру және дауыстарды санау рәсімі барысын кандидаттардың сенім білдірген адамдары, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және БАҚ-тың өкілдері жүзеге асырды. Сайланған 4 депутаттың орташа жасы - 47.
Сайлау комиссияларына арыз-шағым түскен жоқ.
zhaikpress.kz