3.10.2023, 16:45
Оқылды: 50

БҚО-да 55 тұлға әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылды

Батыс Қазақстан облысында «Заңсыз келуші - 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі өтіп жатыр. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG-20231003-WA0052

Заңсыз көші-қон деректерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тексеретін шара 2-8 қазан күндері өтеді.

Алғашқы күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 55 тұлға әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылған.
Елімізден бес шетел азаматын шығару туралы соттың шешімі шыққан. Сот шешімін орындамай жүрген екі шетелдік азамат елден мәжбүрлеп шығарылған.
Орал қалалың полиция басқармасына қабылдау-тарату орнына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ жеті азамат жеткізілген.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале