Батыс Қазақстан облысында алимент төлемегендердің берешегі 2 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Осының салдарынан 4 мыңнан астам бала материалдық қолдаусыз қалып отыр. Алимент төлемегендердің дені – маскүнем, нашақор, үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүргендер.
«Арасында табысын жасырып, қашып жүргендер, тапқанын балаға емес, құмар ойынға салғандар да бар», - дейді мамандар.
Прокурорлардың мәліметінше, ақшасы бола тұра, алимент төлемейтіндердің көліктері айып тұрағына қойылып, көлік жүргізу құқығынан айырылды.