Бүгін облысымыздағы 300-ден астам тұрғын «Ашық әкімдік» қабылдауында болды.
Кеңес алуға келгендердің 58-і облыстық жер қатынастары басқармасына, 43-і облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына, 20-сы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, 16-сы денсаулық басқармасына жолықты. Бұл шараға 34 мекеме-ұйым қатысты.
-Жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын қамтамасыз ету бағытында осы шараны қолға алдық. Тұрғындар көбіне жер телімі және тұрғын үй кезегіне байланысты мәселелерді көбірек көтерді. Ашық есік күнін тұрғындарға қолайлы уақытта ұйымдастырдық.
Шара нәтижесінде сараптама жасап, алдағы уақытта мәселелерді шешу мақсатында жұмыстанатын боламыз, – деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бақытжан Нарымбетов.
Нұртай Текебаев
www.zhaikpress.kz