27.09.2023, 11:15
Оқылды: 81

БҚО-да белгілі бапкерге құрмет көрсетіліп, жаңа көлік берілді

Талай таланттың томағасын сыпырып, біраз палуанның спорттағы әкесі атанып үлгерген белгілі бапкер, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Райбек Меңдіғалиев 55 жасқа толды.

3ef5b119-3192-43e8-a7df-314edbe396c0

Қазақ еліне Еділ Үсенов, Ерболат Байбатыров, Әйбек Ғабдешев, Нұрбол Серіков және Темірлан Көлбай сияқты палуандарды танытқан Райбек Ромашұлының өңір спортының дамуына қосқан үлесі көп. Саналы ғұмырын палуан баптауға арнаған білікті жаттықтырушының мерейтойына орай облыстық самбо федерациясы Райбек ағамызға темір тұлпар тарту етті.

1cd59205-9f24-4520-89cb-14de2d07e508

Бапкер қуанышын бөлісуге оның барлық шәкірті келді. Самбошылар қаладағы оқушылар мен жастар сарайының алдына жиылып, Райбек Ромашұлына сыйлығын салтанатты түрде тарту етті.

89b47dd8-13d2-420f-97bc-7b42680db07d

Сондай-ақ самбодан төрт дүркін әлем чемпионы туған күн иесіне облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың құттықтау хатын табыс етті.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале