25.09.2023, 12:00
Оқылды: 71

БҚО-да бес күнде 25 автокөлік айып тұрағына қойылды

БҚО-да «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды. 18-22 қыркүйек күндері өткен шара кезінде облыс аумағында айыппұл өндіру шарасы ұйымдастырылды.

полиция2

Әкімшілік айыппұлды өз еркімен төлеуден бас тартып жүрген борышкерлерді полиция өкілдері «SuncarSmartQorgau» жүйесі арқылы анықтап отырған.

полиция жп

Бес күн ішінде осы жүйенің көмегімен жол ережесін өрескел бұзған 25 автокөлік айып тұрағына қойылған.

- Борышкер жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде облыс аумағында айыппұлдарды мәжбүрлі түрде өндіру жұмысы жүргізіледі. Бес күн ішінде 31 млн 770 мыңнан астам айыппұл өндірілді. Өздеріне салынған айыппұлды уақытында төлемеген азаматтардың көлігі айып тұрағына қойылды, - деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.

полиция

Жанат Көшкінбай, 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале