2.03.2023, 18:15
Оқылды: 73

БҚО-да бизнес-идеяларға гранттар беріледі

БҚО-да бизнес-идеяларға гранттар беріледі. Бұл туралы БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Асан Нарымбаев айтты. Гранттар негізінен көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға, еңбекке қабілетті мүгедектерге беріледі.

D0710FAB-77F0-4D9B-B201-50FECBEF4C41

Сурет: tolqyn.kz

– Әлеуметтің әлеуетін көтеру мақсатында мемлекет тарапынан жасалатын қадамдар бар. Солардың ішіне осы жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін берілетін гранттарды ерекше атап өтуге болады. Мәселен, 2022 жылы 946 адам мемлекеттік грант алған. Олардың ішінде 51,1% мал шаруашылығын дамытамын дегендерге берілген, 1,6% құс шаруашылығы, 4,7% өсімдік шаруашылығы, 42,4% өзге салаларға берілген.

Былтыр «Бастау бизнес» жобасы аясында 4 237 адам оқыған. 946 адам мемлекеттік грант алған, - дейді БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Асан Нарымбаев.

Ал биыл 405 адамға жаңа бизнес-идеялар үшін грант беру жоспарланып отыр.

«Гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша мынадай мақсаттар үшін: қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде сауда объектілерінің аумағында бастапқы бизнесті өткізуге арналған үй-жайларды, оның ішінде сауда объектілерін жалдау ақысын төлеу жалға алуға, пайдалануға, сенімгерлік басқаруға беріледі», - деді ол.

Асан Нарымбаев гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейтіндігін атап өтті.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале