16.05.2024, 17:10
Оқылды: 61

БҚО-да болашақ кәсіпкерлердің байқауы өтті

«Мен – болашақ кәсіпкермін!»

Бүгін БҚО-да осындай атаумен бизнес-жоба байқауы өтті. Жобаға облыстың 10-сынып оқушылары қатысты.

партия

Байқау Батыс Қазақстан  облысы білім басқармасы, облыстық Кәсіпкерлер Палатасы мен «AMANAT» партиясының облыстық филиалының қолдауымен өтіп отыр.

Байқау биыл осымен төртінші жыл қатарынан өтіп жатыр.

партия1

Аудандық және қалалық кезеңнен өткен 12 жұмыс облыстық байқауға қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен төмендегі жұмыстар үздік деп танылды.

афиза

1 орын - Орал қаласы, №42 «Ақ ниет» гимназиясының 10-сынып оқушылары Ахмет Әдемі мен   Дауылбай    Нұрсезім  «Құйрық майдан таза экологиялық  өнім  алу  және  сату» бизнес жобасы;

ІІ орын - Қаратөбе ауданы Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Каримов Әли « Ali Barberrs» барбершоп салоны» бизнес жобасы;

ІІ орын - Жаңақала ауданы №3 мектептің 10-сынып оқушысы Абилкасимова Диляра «Экоөнімдер» бизнес жобасы;

ІІІ орын- Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы  Ы.Алтынсарин атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Талғатқызы Камила «Tasty cake үй пісірмелері» бизнес жобасы;

ІІІ орын - Бәйтерек ауданы Абай атындағы мектеп-гимназия интернатының 10-сынып оқушысы Адабай Серікжан «CHATBOT - заман талабы» бизнес жобасы;

ІІІ орын - Бөрлі ауданы,Ақсай қаласының №7 мектептің 10-сынып оқушысы Лесова Аяулым «Трендтегі тауар гипспен жасалған бұйымдар» бизнес жобасы   дәрежелі дипломдар  және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

партия2

Бизнес жоба байқауын қолдау «Бақытты отбасы» партиялық жоба аясында «Alem Qoldau» қоғамдық бірлестіктің қаржыландыруы негізінде жүзеге асқанын атап өткен жөн.

Жанат Көшкінбай, 

zhaikpress.kz

Фото авторы: Светлана Аманғалиева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале