28.03.2022, 15:40
Оқылды: 39

БҚО-да инфекциялық стационарлар саны қысқартылды

Батыс Қазақстан облысында инфекциялық стационарлар саны қысқартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

211026093140904a3853582i

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, қазіргі кезде 200 төсектік бір ғана ауруханада 3 науқас емделуде.

Соның ішінде біреуі жансақтау бөлімшесінде, ол инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Өңірде пандемия басталғаннан бері 49 654 науқас тіркелді.

Соңғы тәулікте 1 адамнан індет табылса, 186 емделуші жазылып шықты.

Жыл басынан бері 43 адам коронавирустан көз жұмды. Соңғы аптада қайтыс болғандар тіркелген жоқ.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, 274 642 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, бұл – егілуге жататын тұрғындардың 66,3 пайызы.

Сондай-ақ 264 441-і (63,8 пайызы) екінші компонентпен егілді.

Облыс бойынша 72 022 адам ревакцинациядан өтті.

Pfizer компаниясының вакцинасын 10 970 адам салдырса, соның 419-ы – жүкті, 4 862-сі – бала емізетін әйелдер, 5 675-і – жасөспірімдер, 12-сі – мүгедектер, екеуі – шетелге емделуге жолдама алғандар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 274 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале