22.09.2023, 10:45
Оқылды: 120

БҚО-да ірі мұнай компаниясы 11 млрд теңге салық пен айыппұл төледі

Облыстағы ірі мұнай компаниясы 11 млрд теңге салық пен айыппұл төледі, деп хабарлайды БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

045B3FAA-6407-4D84-8691-4A165FE0B023

«Прокуратура қабылдаған шаралардың аясында БҚО-дағы ірі компания «Жайықмұнай» ЖШС 9 млрд теңге көлемінде корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын төленді. Бұдан басқа, 2016-2021 жылдары ҚҚС және КТС сомаларын төмендеткені үшін компанияға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 278-бабының 1-бөлігімен 2 млрд теңге айыппұл салынды, ол толық көлемде өтелді», делінген хабарламада.

Нәтижесінде мемлекеттік бюджет 11 млрд теңгеге толықтырылды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале