«Батыс Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 8 ақпандағы 2021 жылғы № 5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңының 65-бабын, «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырудың және жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығын басшылыққа ала отырып, адам өмірі мен денсаулығын сақтау және Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі - БҚО) тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі - КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1-тармақтың 7-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«7) мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 25 баладан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде кезекші топтар, №67 ҚР БМСДҚ талаптарын сақтай отырып;».
1-тармақтың 8-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«8) сауналар (толымдылығы нысанның сыйымдылығының 50%-нан аспауы тиіс, 1 келушіге кемінде 4 ш.м есебінде), жексенбі күндері жұмыстың тоқтатылуымен.».
1-тармақ келесі мазмұндағы 17-тармақшамен толықтырылсын:
«17) ЅРА центрлер, бассейндер бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес (толымдылығы нысанның сыйымдылығының 50%-нан аспауы тиіс, 1 келушіге кемінде 4 ш.м есебінде), №67 ҚР БМСДҚ талаптарын сақтай отырып;».
Н.Мұстаев,
Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің орынбасары