12.03.2021, 18:22
Оқылды: 273

БҚО-да карантиндік шектеу шараларына өзгерістер енгізілді

«Батыс Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 8 ақпандағы 2021 жылғы № 5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Passengers in Moscow's Vnukovo Airport tested for new COVID-19 strain discovered in UK

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңының 65-бабын, «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырудың және жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығын басшылыққа ала отырып, адам өмірі мен денсаулығын сақтау және Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі - БҚО) тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі - КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу мақсатында және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Батыс Қазақстан облысы аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 8 ақпанындағы №5 қаулысына келесі өзгерістермен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақтың 7-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«7)  мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 25 баладан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде кезекші топтар, №67 ҚР БМСДҚ талаптарын сақтай отырып;».

1-тармақтың 8-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«8) сауналар (толымдылығы нысанның сыйымдылығының 50%-нан аспауы тиіс, 1 келушіге кемінде 4 ш.м есебінде), жексенбі күндері жұмыстың тоқтатылуымен.».

1-тармақ келесі мазмұндағы 17-тармақшамен толықтырылсын:

«17) ЅРА центрлер, бассейндер бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес (толымдылығы нысанның сыйымдылығының 50%-нан аспауы тиіс, 1 келушіге кемінде 4 ш.м есебінде), №67 ҚР БМСДҚ талаптарын сақтай отырып;».

  1. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 Н.Мұстаев,

Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале