24.10.2022, 10:30
Оқылды: 30

БҚО-да «Қазақстанның көрнекті кітапханашылары» анықтамалығының тұсаукесер рәсімі өтті

Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында алғаш рет ресми түрде атап өтілгелі тұрған Кітапханашылар күніне және терең тарихы бар руханият ордасының құрылғанына 150 жыл толуына орай «Қазақстанның көрнекті кітапханашылары» анықтамалығының тұсаукесер рәсімі өтті.

D7DB3072-9255-40C8-B6F1-6C0B131FFB0D

Басылымға Батыс Қазақстан облысынан 1991-2021 жылдар аралығында ҚР кітапхана ісінің қалыптасуы мен дамуы жылдарында елеулі үлес қосқан 19 кәсіби маман енген.

EA1BF314-AE76-43C1-BAD0-B84555F5D7DB

Салтанатты шарада БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісінің иегері Гүлжан Жұмақаева, «ҚР Мәдениет саласының үздігі», «Кітапхана ісінің ардагері», «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгілерінің иегері Роза Исатаева және «ҚР Мәдениет қайраткері», «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы», «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгілерінің иегері Звайда Өтешова аталмыш кітаптың тұсауын кесіп, құттықтау сөз сөйледі.

B29238F9-1959-4D42-9D08-49A17A9AE966

Сондай-ақ, шара барысында «Қазақстанның көрнекті кітапханашылары» анықтамалығына енген кітапханашы мамандарға гүл шоқтары мен жаңа кітап табыс етілді.

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет, @madeniet_oral парақшасынан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале