17.01.2025, 15:30
Оқылды: 61

БҚО-да көктемгі су тасқынына қарсы дайындық қызу жүріп жатыр

Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық барысы пысықталды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев алдағы су тасқыны кезеңі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында екенін атап өтті. Осы ретте, су басу қаупі бар аумақтарда тасқынның алдын-алу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

WhatsApp Image 2025-01-17 at 16.28.10

Өңірдегі Жайық өзенінің бойы бекітіліп, су басу қаупі бар аумақтарға 102  шақырымды құрайтын 54 қорғаныс бөгеттері тұрғызылған. Ресурстар бойынша:  1817 бірлік техника,  4 мыңнан астам жұмылдырылады.

WhatsApp Image 2025-01-17 at 16.28.08 (2)

Айта кетерлігі, облыста көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жаз айларында басталған болатын. Мамандар қауіпті аймақтарды зерделеп, нәтижесінде алдын алу жұмыстарын жүргізу бойынша арнайы Жол картасы әзірленген.

WhatsApp Image 2025-01-17 at 16.28.09 (1)

Казгидромет мамандарының болжауынша, биылғы жылы да су тасқыны қаупі бар.

«Ағымдағы жылдың қаңтар айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бірдей мөлшерде жауын-шашын жауды. Осының нәтижесінде Тасқала, Сырым, Бөрлі, Теректі, Бәйтерек және Орал қаласында жердің бетінде 2 см қалыңдықта мұз жабындысы пайда болды. Ауа райы күрт жылып, жаңбыр мол жауатын болса, наурыз айында бұл мұз жабындысы су тасқынына әкелуі мүмкін» –деді «Қазгидромет» РМК БҚО филиалы директоры Т.Шапанов.

WhatsApp Image 2025-01-17 at 16.28.09

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев су қоймалары мен тоғандардың жағдайын бақылау, тасқын суды өткізуді қамтамасыз ететін арналарды, каналдарды, арықтарды тазалауды, сонымен қатар су тасқынын жоюға арналған күш пен құралдардың, қорғаныс бөгеттерінің дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.

WhatsApp Image 2025-01-17 at 16.28.06 (1)

WhatsApp Image 2025-01-17 at 16.28.08 (1)

«Көктемге барынша дайын болу керекпіз. Су тасқынының алдын алу шараларын сапалы жүргізуіміз маңызды. Қала, аудан әкімдері және тиісті мекемелердің осы жұмыстарды күшейтуін тапсырамын» – деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

 

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале