Батыс Қазақстан облысында
«Life is good» және «Hermes» жобалары бойынша қаржылық (инвестициялық) пирамида құрған тұлғаларға қатысты қылмыстық істі қозғалды.
Қазіргі уақытта Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық депаратменті тергеу жүргізіп жатыр.
Ұйымдастырушылар адамдардан ақша алып, 24%-дан 54%-ға дейін табыс табуға уәде берген.
Департаменттің хабарлауынша, тартылған қаражат көлемі 120 млн теңге. Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген азамат ұсталған. Сот санкция жариялап, екі айға қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына хабарласыңыз.
Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялады.
zhaikpress.kz