30.09.2020, 19:10
Оқылды: 6

БҚО-да модульді инфекциялық аурухана құрылысы басталды

БҚО мәслихатының кезекті 38-сессиясында облыс әкімі Ғали Есқалиев коронавирустың тарауына байланысты өңірдегі ахуал тұрақталғанын хабарлады.

IMG-20200930-WA0034
– Бүгінге дейін облыс бойынша коронавирус індетін жұқтырғандар саны 6860 құраса, оның 98,3%-ы немесе 6746 адам емделіп шықты, 109 адам қаза болды. Алдағы күтілетін пандемияның жаңа толқынына дайындалу мақсатында медициналық ұйымдарда, көтерме қоймалар мен дəріханаларда вирустық инфекцияларға қарсы қажетті препараттардың 2 айға жететін қоры жасақталды. Сонымен бірге біз облыс тұрғындарын дəрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін арнайы тұрақтандыру қорын құрдық. Күні бүгінге дəрілік заттар сатып алуға 100 млн. теңге бөлінді. Орал қаласында 200 орынға арналған модульді инфекциялық аурухананың құрылысы басталды. Жылдың аяғына дейін пайдалануға берілетін болады, – деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

IMG-20200930-WA0030
Облыс бойынша 138 өкпені жасанды желдету аппараты, 476 оттегі концентраторы, 675 пульсоксиметр және 172 «Бобров аппараты» бар. Қазіргі таңда дәрігерлерді, орта және кіші буын медицина қызметкерлерін қоса алғанда, 101 медицина қызметкері алдыңғы шепте қызмет етуде. Маман тапшылығы жоқ. Бүгінгі нақты деректерді және жұқтыру болжамдарын ескере отырып, медициналық жоғары оқу орындары (52) және колледж түлектері (100) санынан кадр резерві жасақталды.

Нұртай Текебай,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале