Бүгін БҚО-да дәстүрлі 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі басталды. Бұл туралы Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Білім бәйгесі №4 ЖО және ҚББо-да өткізіліп жатыр.
«Пәндік олимпиадаға жалпы білім беретін 13 пән бойынша 1 523 оқушы қатысуға ниет білдірді. Олимпиаданың алғашқы күні жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша өтіп, (математика, химия, биология, география , физика, информатика) оған 753 оқушы қатысты.
Ертең қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалғасын табады. Оған 700-ден астам оқушы қатысады», делінген хабарламада.
zhaikpress.kz