20.11.2022, 7:10
Оқылды: 5

БҚО-да сайлау учаскелері өз жұмысын бастады

Бүгін республика бойынша кезектен тыс Президент сайлауы басталды.

C7A650B6-CFBF-4660-9863-CDA0264615C5

ҚР орталық сайлау комиссиясы жалпы саны 10 101 сайлау учаскесі барын айтты. Соның ішінде біздің облыста 500-дің үстінде сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы 7-де бастады.

Біз алғашқылардың бірі боп барған учаскеде сайлау комиссиясы алғаш дауыс берген адамға сыйлық табыс етті.

Бүгін сайлау күніне орай қалада автобустар мен инватакси тегін қызмет көрсетеді.

Сайлау учаскелері тек Қазақстанда емес, шет елде де бар.

Атап айтсақ 53 елде, 68 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады.

Елдегі сайлау барысын 641 халықаралық бақылаушы қадағалайды деп жоспарланған.

Бүгін дауыс беру 20:00-ге дейін жүреді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале